«Білімді ұрпақ ел болашағы»
30.01. – 10.02.23 мектебімізде жаратылыстану -математика бірлестігінің онкүндік апталығының жоспары бекітілді. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты туралы таңғы жиында айтылды. Апталықтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ ел болашағы». Апталықтың мақсаты: Жаратылыстану математика бағытындағы пәндердің сабақтарында оқытудың заманауи әдіс - тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой - өрісі мен таным белсенділіктерін жан - жақты жетілдіру.
Міндеттері:
- Оқушылардың нақты ғылымдардың алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- Әр баланың өз қабілетін білуіне, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
- Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және өзара іс тәжірибелерін тарату.
Мектебіміздің пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтарын беру арқылы тәжірибе алмасады.
Date: 6.02.2023, 22:14 Author: School №24