"Құстар біздің досымыз"
19.01.2023 ж
Айбөбек шағын орталық мектепалды даярлық "Балбөбек"тобы тәрбиеленушілерімен
Қоршаған ортамен танысудан,"Құстар біздің досымыз"тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті.Іс-әрекет барысында балалар бірнеше сұрақтарға жауап берді,бейнебаян арқылы үй құстары және дала құстарымен танысты,жыл құстарының тікұшақпен жіберген тапсырмаларын орындады,("Құстардың көлеңкесін түсір","Тауықты ұсақ моншақтармен безендір","Үй құсын құрастыр")құстар туралы тақпақтар,мақал-мәтелдерайтты.Іс-әрекетті қортындылау мақсатында қолшатыр әдісімен ойналатын"Өз ұясын тап"ойынын ойнады.
Ондағы мақсат үй құстары мен дала құстарын ажыратып,өз ұяларына қателеспей қондыру.
Мақсаты:
Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту,
ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Дата: 20.01.2023, 15:23 Автор: №24 мектеп-интернаты