“Сандар әлемі”

“Сандар әлемі”

19.01.2023 ж. “Айбөбек” шағын орталығы “Балауса” тобында   “Сандар әлемі” тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.

Іс- әрекет барысында балалар  қонаққа келген қоянға көмектесу үшін екі топқа бөлініп тапсырмалар орындады. 1-10 ға, 10-1 ге дейін кері санауды меңгерді, тақтада ілінген сандар ұяшықтарына  1-10 дейінгі сандарды  жылдам орналастыра білді.

Пішіндерді еске түсіріп, түстері бойынша қораптарды толықтырды. Апта күндерін, жыл мезгілдерін,  бағдаршамның түстері туралы сурақтарға белсенділікпен жауап берді. Суреттер бойынша жұмыс жасады, қай суретте заттардың саны көп-аз екенін санап анықтады  және де интерактивті тақта бойынша тапсырмаларды орындап, жақсы нәтиже көрсетті.

Ермексазбен жылдам мүсіндеу арқылы белгіленген уақыт бойынша ұяшықтарға салды. Екі топтың орындаған тапсырмаларының әрбір дұрыс жауабы  үшін екі себетке шар салынып отырды. 1 -топ 10 ұпай, 2- топ 7 ұпай иеленді. 

Мақсаты:

Балалардың ойлау қабілетін арттыру; тілдерін дамыту; шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу, заманауй технология тілін де меңгеруді қалыптастыру.

Дата: 20.01.2023, 14:39 Автор: №24 мектеп-интернаты