«Жетістік портфолиосы»
Мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, білім алушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Жетістік портфолиосы» атты мектеп парламенті мүшелері арасындағы Республикалық қашықтық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың өзіндік қабілеттерін іске асыру дағдыларын дамыту және насихаттау. Байқауға мектебімізден 7 Б сынып оқушысы Семенова Вероника «Мен – өзін-өзі басқару көшбасшысымын» презентациялар байқауы бойынша жұмысын ұсынып, республикалық деңгейде 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар жетекшілік еткен мектептің аға тәлімгері Гюл З.С алғыс хатпен марапатталды. Жеңісіміз құтты болсын!!!
#Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@orken.media
@balkhashtv
@severnoe_pribalkhashe_news
@balqash_oniri_gazeti
@balqash_qalasy_akimdigi
Дата: 11.01.2023, 11:51 Автор: №24 мектеп-интернаты