Размер шрифта:

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Қарағанды облысы білім басқарамасы, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ «Айбөбек» шағын орталығында «Ана тілім - дана тілім» тақырыбында өткізілген оқу қазақ тілі апталығы барысында «Балдырған» тобы   «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» көрінісін ұйымдастырылды.

 Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт - дәстүр түрлерімен, соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

 

Міндеттері:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге, тілдерін тақпақтар арқылы жетілдіру

2. Ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту

3. Адамгершілікке, тазалыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқоршы

болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шүмек, түбек, тыштыма, жөргек, аяқ бау, қол бау.

Көрнекіліктер: Бесік, бесік жабдықтары, қуыршақ, ұлттық бұрыш.

Әдіс тәсілдер: 1. Бесік жырынан үзінділер оқу.

2. Бесікке салу рәсімін көрсету.

Дата: 27.12.2022, 9:22 Автор: №24 мектеп-интернаты