«Біржан Сал»

«Біржан Сал»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен "Тарих толқынында" тарихи сауаттылық апталығы аясында 6 А сынып оқушылары «Біржан Сал» фильімін көріп сынып арасында талқыланды. Мақсаты: Ұлттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, көрерменнің эстетикалық талғамын, сұлулық сезімін, әсемдік әлемін тәрбиелеу. Адамды ізгілікке, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Фильмді талдау барысында оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Бұл фильмнің тәкәппарлық пен бойсұну, намыс сезімі мен кемсіту, кұрмет пен қиянатшылдықтың таңдауын көргендіктері айтылды.Сонымен қатар фильмнің махаббат пен ащы жалғыздықты суреттейтіндігін жеткізді.Оқушылар фильмнің толық нұсқасын қайта қарап шығуға ниет білдірді.

Дата: 14.12.2022, 14:43 Автор: №24 мектеп-интернаты