"Роботтар әлеміне саяхат"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп -интернаты" КММ-де 5-11 желтоқсан аралығында " Компьютерлік ғаламдар аптылығы" аясында "Роботтар әлеміне саяхат" интеллектуалды ойыны 4-5 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Мақсаты оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру. Ойын 5 кезеңнен тұрды І. “Бәйге” (Әр топқа 5 сұрақ қойылады. ).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).
ІІІ. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5ұпай)
Ойын барасында 5 сынып оқушылары 1-орынды иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
Дата: 9.12.2022, 8:29 Автор: №24 мектеп-интернаты