"Алаш қозғалысы- Тәуелсіздікке қадам"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты"КММ-де «Алаш» қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуына байланысты 06 желтоқсан  күні 6-9 сыныптар арасында "Алаш қозғалысы- Тәуелсіздікке қадам" атты  сынып сағаты мектебімізде жоспарға сай өтті. Сынып сағатының мақсаты, Алаш қозғалысының қазақ халқы тарихындағы маңыздылығын ашу, Алаш зиялыларының көтерген мәселелерінің қазіргі күндегі өзектілігін айқындау. Сынып сағатында тарих пәнінің мұғалімі Бедебаева Рабиға Әуезханқызы Алаш зиялылары, соның ішінде Әлихан Бөкейхановтың алатын орны туралы баяндап өтті. Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақов Дулатов туралы жан- жақты түсінік беруге, олардың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы айта отыра, бейне материалдар көрсетілді. Бейне материалда «Алаш қайраткерлерінің қызметі мен шығармашылығы» туралы баяндалды. Сынып сағатында 8 сынып оқушысы  Имандыгулов Ақниет Бөкейхановтың өмірбаяны туралы әзірлеген баяндамасын оқыды. Сонымен қатар Жақсылыққызы Толғанай оқушыларды Әлихан Бөкейхановтың өмір жолымен таныстырып өтті. Сынып сағаты  соңында тақырып бойынша оқушылырдың пікірлері тыңдалды.Сынып сағаты өте мазмұнды, тартысты болды.

Дата: 8.12.2022, 12:25 Автор: №24 мектеп-интернаты