«Мой Казахстан-моя гордость»

«Мой Казахстан-моя гордость»

Қарағанды облысы білім басқарамасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ «Тарих толқындары» атты тарих апталығының кезекті жоспары бойынша 7-9 сыныптар арасында «Мой Казахстан-моя гордость» атты интеллектуальдық ойынын тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б ұйымдастырып, сайыс аталып өтілді. 

Сайыстың мақсаты: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту,Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту,қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

 Сайысқа мектептің 7-9 сыныптарының оқушылары қатысып өз білімдерін көрсетті. Сайыс әрбір сыныпта бөлек өткізілді. Әр сыныптың білгірлері анықталды. Атап айтсам: 7 «Б» сыныбында Семенова Вероника, 8 «Б» сыныбынан Дерингер Елизавета, 9 «Б» Бирликжанов Рустем көп балл жинап, жеңімпаз атанды. Төреші болып  сынып оқушысы сайланды. Төреші әділ бағасын берді. Ойын 3 турдан тұрды, «Бәйге»; «Полиглот»; «Портреттер сөйлейді».Оқушыларға ойын өте ұнады. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.

Дата: 8.12.2022, 9:33 Автор: №24 мектеп-интернаты