мектеп мұражайына саяхат

мектеп  мұражайына саяхат

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 6.12 күні  Тарих апталығы аясында мектеп жанындағы интернат оқушылары мектеп  мұражайына саяхаттап ,  туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында түрлі жәдігерлермен таныстыру жұмысы жүргізілді.

   Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген қазақтың ұлы тұлғалар мен теміржол майталмандарының өмірбаяндарымен танысты.

  Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

Дата: 7.12.2022, 15:31 Автор: №24 мектеп-интернаты