"1 желтоқсан-ЖИТС-пен күрес күні"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 5-9 сынып оқушылары арасында "1 желтоқсан-ЖИТС-пен күрес күні"тақырыбы бойынша акция ұйымдастырылды. Ақпаратты мектеп Парламентінің депутаттары ұсынды, онда келесі тармақтар болды:
1) аурудың жалпы түсінігі және атауының декодталуы;
2) аурудың берілу жолдары;
3) аурудың пайда болу тарихы;
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні-БҰҰ-ның халықаралық күні, 1 желтоқсанда атап өтіледі. Алғаш рет ДДҰ 1988 жылы жариялады. Бұл күн АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС эпидеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде құрылды.
Дата: 7.12.2022, 10:46 Автор: №24 мектеп-интернаты