«Бала құқығы – адам құқығы»

«Бала құқығы – адам құқығы»

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернаты КММ 4"А" сынып оқушыларымен өткізілген «Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағатының ақпараты

 

      Аталған тақырыпта сынып оқушыларымен тәрбие сағаты болып өтті.

 

     Сабақ мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.

Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру

Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

 

      Бұл тәрбие сағаты «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында 20 қараша дүниежүзілік Балалардың құқығын қорғау күні құрметіне орай өткізілді. Сабақ барысында бала құқығы жайлы презентация көрсетіліп, мәліметтер берілді. Сонымен бірге бала міндеттері тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Әр оқушы бұрыннан өздері білетін құқықтары мен міндеттерін ары қарай тереңдете түсті.                                                                                                                                                                                        Сынып жетекшісі: Спабекова Қ.Е.

Дата: 22.11.2022, 11:45 Автор: №24 мектеп-интернаты