«О, Ақтан жас, Ақтан жас»

«О, Ақтан жас, Ақтан жас»

14.11-25.11қараша  аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 меткеп-интернаты» КММ -де қоғамдық гуманитарлық бағыттың 10 күндік декадасы басталды.  Мақсаты:  оқушыларға білімді жүйелі түрде нақты беру үшін жаңашыл әдіс тәсілдерді қолдана отырып, заманауи сабақ беру жолға қойылды.   Заманауи сабақ – оқушылардың қызығушылығын арттырудың жоғарғы шегіне жету мақсатында әр түрлі жаңашыл, инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заман ағымына қарай әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс-тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуге міндетті. Біздің мектеп мұғалімдеріміз де заман ағымына қарай жаңашылдықты жатсынбай, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып келеді.Осы мақсатта 5 А сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен  Дулат Бабатайұлының «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлені бойынша ашық сабақ өткізілді.Сабақ барсысында Дулат Бабатайұлының бейнебаяны көрсетіліп, «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңнің аудио нұсқасы тыңдалып, learningapps.org, google.kz сайтында оқушылармен жұмыстар жүргізілді.

Дата: 22.11.2022, 11:36 Автор: №24 мектеп-интернаты