«Әсемдік әлемі»

«Әсемдік әлемі»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 15.11.2022 күні «Әсемдік әлемі» атты эстетикалық сауаттылық апталығының аясында табиғи материалдан «Әсемдік әлемі»  көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Табиғи материалдарды тиімді пайдалануды үйрету, оқушыларға күзгі табиғат ерекшеліктерін таныта отырып әсемдікті тани білуге баулу.

5-7 сынып оқушылары табиғи материалдан әртүрлі бұйымдар жасап шығармашылықтарын орта салды. Көрмеге әр сыныптан  2-3  жұмыстан  ұсынылды.Үздік деп танылған жұмыс ерекше бағаланып, оқушыға мадақтау қағазы тапсырылды.

Дата: 21.11.2022, 17:15 Автор: №24 мектеп-интернаты