«БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ»

«БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ»

Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыру мақсатында қараша айының 03 күні «№24 мектеп-интернаты»КММ-нің мектеп инженері Тажибаев Ернат Бакытович «БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ» тақырыбында қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн семинар өткізді. Семинарға барлығы 26 мұғалім қатысты. 

Мұғалімдерге оқу процесінде қолданылатын интерактивті тапсырмаларды құрастыруға арналған электронды қосымшалармен жұмыс істеудің жолдары көрсетілді. 

Семинарда «Online Test Pad», . «Appsgeyser Android»  «Quizlet», «Plickers», «Learnning Apps.org» қосымшалары таныстырылып, бастауыш сыныпқа арналған тапсырмалар ұсынылды Мұғалім үшін шаблон бойынша жаттығулардың 26-дан астам түрін жасауға болады. Мысалы, «Жұмбақтар», «Жұбын тап», «Сәйкестікті тап», «Тізімді белгілеу», «Дұрыс жауапты таңдаумен викторина», «Кроссворд» және т.б. жұмыс жасау барысы көрсетілді. Appsgeyser Android қосымшасын құруға және оны Google Play арқылы таратуға мүмкіндік беретін ақысыз веб-қызмет. Қолданбаларды қалағаныңызша жасауға болады және мүлдем тегін. Жобаны құруға арналған материал көптеген түрлі көздер болуы мүмкін (веб-бет, YouTube арнасы, PDF құжаты, RSS таспасы, фотосуреттер галереясы, аудио файл және т.б.).құрал ретінде мұғалімдерге ұсынылды. Мұғалімдердің барлық тапсырмаларға белсене қатысып, кері байланыс бере білді.

Дата: 4.11.2022, 8:13 Автор: №24 мектеп-интернаты