«Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар"
Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Күздік мектеп-2022» облыстық пән мұғалімдеріне арналған онлайн курста, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, Шолакова Лаззат Бодыковна өз іс -тәжірибесімен бөлісті. Курстың тақырыбы: «Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар". "Білім сапасының мәселелері. Нәтижеге жету әдістері"-деп аталады. Мақсаты: облыстық мектептің пән мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасу болып табылады. «Алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың, өзгелерге үйрете аласың» - дегендей В.Гете .Пән мұғалімі 6 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша: «Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы» тақырыбында сабақтың сапасына ықпал ететін қолданылған әдіс-тәсілдерін ортаға салып, курсқа қатысушы мұғалімдермен бірлесе практикалық жұмыс жасата отырып өзінің іс тәжрибесімен ой бөлісті .
Дата: 2.11.2022, 14:32 Автор: №24 мектеп-интернаты