«Үздік бейнесабақ»
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ Мұқтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-сарапшы Оспанова Жанат Нуроллаевна қатысты.Байқаудың мақсаты арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату болды.Осы мақсатта Мұқтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша 7 сыныпта «Көксерек» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі тақырыбында байқау талаптарына сай бейнесабақ түсіріліп ІІІ орынды иеленді.
Дата: 2.11.2022, 13:00 Автор: №24 мектеп-интернаты