Размер шрифта:

"Алтын күз - 2022"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-сінде 5-9 сыныптар арасында "Алтын күз - 2022" мерекесінде 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Мақсаты: Оқушыларға күз мезгілінің кереметін паш ету, ұйымшылдыққа , шығармашылыққа баулу. Бірінші кезең - таныстыруда  әр сынып өздері таңдаған форматта командасын таныстырып өтті. Екінші кезеңде әр сынып өздерінің би өнеріне деген қызығушылықтарын, әртістік шеберліктерін көрсете отырып, сюжеттік билерін ортаға салды. Үшінші кезеңде күзгі көріністі, күз мезгілінің байлығын көрсететін қолөнер бұйымдарын паш етті. Төртінші кезеңде қолдан тігілген әр түрлі дизайндағы киім үлгілерін көрсетті. Барлық сынып оқушылары сайысқа өте жоғарғы деңгейде дайындалып келген.

Date: 18.10.2022, 8:59 Author: School №24