«Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой»

«Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де

 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 4 «А» сыныбында  ашық сабақ өтті.  

4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой» тақырыбында ашық сабақты  пән мұғалімі Қ.Е.Спабекова өткізді.

   Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

 

 

Сабақ ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру мақсатында «Іске сәт» әдісімен басталды. «Артық әріптер» ширату жаттығуы арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақ барысында тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындалды. Суреттерге қарап мәтін құрастырды. Сергіту сәтінде зейінді дамытуға арналған жаттығу жасады. Сонымен қоса оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындады. 

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабақ барысында белсенділік таныта өз білім дәрежелерін көрсете алды. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды.

Дата: 14.10.2022, 8:36 Автор: №24 мектеп-интернаты