Туған өлкеме саяхат"

Туған өлкеме саяхат

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-нің мектепалды даярлық сыныбында "Сүйікті өлкеме арнаймын" атты тарихи функционалды сауаттылық апталығы аясында " Туған өлкеме саяхат" іс шарасы өткізілді. Шара барысында "Мен тұратын қала" тақырыбында презентация, танымдық бейнебаян көрсетіліп, қаланың сыртқы келбеті, көрікті жерлері, ескерткіштер туралы әңгіме жүргізілді. Балалар туған өлкеге арналған өлең шумақтарын жатқа айтып, қима қағаздардан қаланың көрікті жерлерін құрастыра білді.

Дата: 13.10.2022, 15:16 Автор: №24 мектеп-интернаты