«Шамалар арасындағы тәуелділік»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 05.10.2022 күні 3 «А» сыныбында математика пәнінен «Шамалар арасындағы тәуелділік» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі А.Н. Жунусова өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 3.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару.
Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылған. Сабақ «Сен білесің бе?» ойыны арқылы өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың мақсатын аша білді. Берілген тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындады. «Дүкен» ойыны арқылы ақша түрлерін ажырата отырып, сауда жасады. Суреттерге қарап есептер құрастырып шығарды. Сергіту сәтінде нейрожаттығуды пайдаланды. Сонымен қоса математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмалар орынды орындалды.
Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар ойын ойнауда, қызығушылықтарын танытты. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды.
#kopd_mon_rk
#oqu_agartu_ministrligi;
#RUMCDOMONRK
#ҚРБҒММОНРК
#РУМЦДОМОНРК
#AskatAimagambetov
#karagandyoblysybilimbaskarmasy
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
#ҚОББтәрбие
@kopd_mon_rk
@balqash_qalasy_akimdigi
@rumcdo_official
@agdarbekovagulmira
@uo.krg
@umckrg
#ҚОББтәрбие
@ҚОББтәрбие
@g.kozhakhmetoova
Дата: 13.10.2022, 13:25 Автор: №24 мектеп-интернаты