Lesson Study әдісі қолдану
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернатында 20.09.22 жылы Lesson Study әдісі қолдану бойынша зерттеуші топтың отырысы өтті. Отырыстың басты мақсат әріптестермен бірігіп,
•Сабақ жоспарын құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу бойынша ақпараттар пысықталды.
Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік.
Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.
Дата: 22.09.2022, 7:30 Автор: №24 мектеп-интернаты