«Сапалы білім мен тәрбие беру- мектептің басты ұстанымы»
25 .05 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»"КММ-де «Сапалы білім мен тәрбие беру- мектептің басты ұстанымы» атты мектебімізде кезекті жаңа форматта педагогикалық кеңес өтті.
Мақсаты: Жылдық оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін сараптай отырып ,талдау жасау. Педагогикалық кеңесте әдістеме бірлестіктері оқыту мен оқу үдерісіндегі өзгерістің маңызын жаңа әдіс-¬тәсілдерді қолдану арқылы өткен оқу жылына қорытынды жасай отырып, алдағы атқарылатын міндеттерге сараптама жасады.
Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған ,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға екендігін көрсете білді. Педагогикалық кеңес соңында білім саласында елеулі еңбек етіп жүрген педагогтар марапатталды.
Дата: 1.06.2022, 7:50 Автор: №24 мектеп-интернаты