"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

Мектеп бітіруші түлектер мен оқушылар бүгін алтын ұяларымен қоштасып жатыр. Бірі үлкен өмірге қадам басса, өзге оқушылар үшін үш айлық жазғы демалыс маусымы басталды. Осы орайда Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп - интернаты" КММ - інде "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиын басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі­ресе, тәуелсіз еліміздің Гимнін айт­қан­да, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу­шы­лар, оның ішінде бастауыш сынып бүл­­дір­шіндері оң қолдарын жүрек тұсы­на қойып,  сөзі мен әуенін әсем үнд­ерімен әуелете айтқанда, мектеп ауласында керемет бір толқын кернеп кеткені анық. 

Балалық шақтың аяқталып, ересек өмірдің басталған күнімен түлектерді және мектеп оқушыларын құттықтау үшін мектеп директоры А.К.Мусина сөз алып, жыл бойы мектеп өміріне белсенді араласып, жақсы оқыған, дарынды оқушыларды марапаттады. Салтанатты жиын оқушылардың өлең- тақпақтарымен, ән - шашуларымен жалғасын тапты. 

Соңғы қоңыраудың жал­ғасы оқушылардың жазғы демалысына, тү­лектердің сынақ тапсыруына, жоғары оқу орнына түсу арманына ұласатын болады. 

Дата: 26.05.2022, 9:23 Автор: №24 мектеп-интернаты