8 "А" сыныбында "Желбіре жеңіс алауы!" атты мұражайда қызықты сабақтар

8
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ- інде Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 8  "А" сыныбында "Желбіре жеңіс алауы!" атты мұражайда қызықты сабақтар  өтті. 
Мақсаты: Өз  Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ұлы Отан соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту. Сабақта оқушыларға  Ұлы Жеңіс елі мен жері үшін жанын құрбан еткен, туған-туыстарына, атамекеніне оралмай қалған қаhарман ерлерді есімдері таныстырылып,  қанша уақыт өтсе де, елесі естен кетпейтін, жаңғырығы өшпейтін оқиғалар болғандығын түсіндіріп ақпараттар берілді.  Бұл Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Бүгінгі тыныш ұйқы, ашық аспан астында бейбіт өмір кешуге зор ықпалын тигізген ардагерлерге қазіргі жас ұрпақтың атынан мың тағзым!
@bilim_jane_gylym
@rumcdo_official
@uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие
Дата: 23.05.2022, 17:09 Автор: №24 мектеп-интернаты