"Жас ұландар-мақтанышы елімнің"атты танымдық ойын сағаты

"№24 мектеп-интернаты» КММ-де мамыр айының 6 жұлдызында 3 "А" сынып оқушыларымен "Жас ұландар-мақтанышы елімнің"атты танымдық ойын сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, отан қорғаушы батырлар туралы білімдерін тексеру, толықтыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Танымдық сағат басында тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат бейнебаян арқылы көрсетіліп, өлең жолдары оқылды.. Танымдық ойын: "Бетпе-бет"-әр қатардан бірнеше оқушы шығып, берілген сұрақтарға жауап жазу; "Хронология" -сандар мен оған сәйкес ақпаратты біріктіру;"Суреттер сөйлейді"-тақырып бойынша ақпараттық сурет салып, қорғау; "Полиглот" берілген сұрақтын жауабын үш тілде жазу-сияқты кезеңдерден құралды. Әр кезең бойынша әр қатарға ұпайлар беріліп отырылды. Нәтижесінде 2 қатар оқушылары жеңіске жетіп, мадақталды.

Дата: 23.05.2022, 17:06 Автор: №24 мектеп-интернаты