«Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде 6 мамыр күні «Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі өтті.
Мақсаты: оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар «Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына қабылдану барысында ант қабылдады. Мектеп директоры мен пән мұғалімдері оқушыларды құттықтап, оқушыларға ұйымның галстугы мен төсбелгісін тақты.
Date: 23.05.2022, 14:55 Author: School №24