Кеш 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай “Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында ұйымдастырылды

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ -інде  5-9 сынып оқушылары қатысуымен 2022 жылдың 5 мамырында әдеби кеш өткізілді. Кеш 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай “Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын еске алды.

@bilim_jane_gylym
@rumcdo_official
@uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие
Дата: 23.05.2022, 9:34 Автор: №24 мектеп-интернаты