"Тәуелсіздік басты тірегі-татулық"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ- де сәуір айының 28 күні 4 "А" сыныбында "Тәуелсіздік басты тірегі-татулық" атты зияткерлік ойыны өтті. Мақсаты:  Оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Зияткерлік ойында оқушылар екі командаға бөлініп, мақыл-мәтел жарысы, танымдық сұрақтар қойылып, атақты тұлғаларды атап мәлімдеме берді. Ойын қызықты танымды өтті.

Дата: 3.05.2022, 10:13 Автор: №24 мектеп-интернаты