"Қазақстан халқы Ассамблеясы"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-інде өзін-өзі басқару ұйымы мен 5 "А" сыныбының ұйымдастыруымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі - еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі екенін түсіндіру, Қазақстан, оның елордасы - достық пен бірліктің, көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бейбітшіліктің символы екендігі жайында білімдерін кеңейту, оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Өзін-өзі басқару ұйымының депутаттары оқушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы қысқаша мәлімет беріп өтіп, оқушылармен бірге "Бірлігі жарасқан - көпұлтты Қазақстан!" тақырыбында кластер жасап, қорғап шықты.

Дата: 29.04.2022, 16:32 Автор: №24 мектеп-интернаты