«Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де сәуір айының 21 күні 1-9 сыныптар арасында Экология аптылығы аясында «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты қолөнер сайысы өтті. Мақсаты: Үй жағдайында шығарылған қалдықтарды қайтадан өңдеу арқылы пайдаланудың әртүрлі әдістерімен танысу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
Сондықтан да табиғаттағы барлық тірі организмнің өз орны бар. Әрбір табиғаттың байлығын тиімді пайдалану керек. Тіпті үй жағдайындағы қалдықтарды да қоқысқа тастамай, қайтадан өңдеу арқылы оларға жаңа өмір сыйлауға болады. Қазіргі экологиялық проблемалардың барлығы адамның үнемсіз пайдалануының нәтижесі. Оқушылар өз жұмыстарын көрмеге қойды.
Дата: 27.04.2022, 15:10 Автор: №24 мектеп-интернаты