"Біздің планета - біздің денсаулығымыз!"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде "Біздің планета - біздің денсаулығымыз!" ұранымен өтіп жатқан денсаулық күніне арналған іс - шаралар жоспары аясында 5а сыныбы тоғызқұмалақ ойнады.
«Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның ертеде пайда болғанынан хабар береді. Жалпы «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты — ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.
Дата: 27.04.2022, 14:44 Автор: №24 мектеп-интернаты