"Сенбілік жұмыстары - тазалық таразысы"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде  9 сәуір күні "Сенбілік жұмыстары - тазалық таразысы" ұранымен оқушылардың және мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілік пен қарау - әр бір азаматтың басты міндеті екенін түсіне білетін оқушылар мен қызметкерлер қала бойынша ұйымдастырылған акцияға өз үлестерін қосу мақсатында қалыс қалмай қатысты. Мектептің ауласы жапырақтардан, қоқыстардан тазартылып,  ағаштардың түбі қопсытылды және жол жиектері әктелді.

Дата: 19.04.2022, 10:27 Автор: №24 мектеп-интернаты