Размер шрифта:

«Lesson study» әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

02.04.2022 күні балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектепинтернаты»КММ-де  «Lesson study»  әдісін  сабақта қолданудың тиімділігіатты коучинг өтті.Мақсаты:Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан — жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттау.Коучингте 4 топ   арқылы жұмыс  жүргізілді.1-топ  «Жоспарлау», 2- топ  «Зерттеу», 3-топ «Бақылау»; 4- топ «Нәтиже»  болып бөлінеді және топ атауының мағынасын аша отырып айқындайды,қорғайды.

Негізгі бөлімде бейнетаспа көре отырып, талқылау арқылы, ой бөлісті.

 

"Идеялар қоржыны" әдісі бойынша мақсатқа бағытталған сұрақтарға топпен жұмыс жасай отырып,Lesson Stadu туралы не ойлайтындарын жазып, қорғау арқылы қоржынға салынды.«Lesson Study-дің  сабақта қолданылу тиімділігі» тұрғысынан 4топқа дайын құрылған ҚМЖ беріліп, зерттеу циклдарымен  іс-әрекеттерін көрсетуге нұсқау беріледі.Ұстаздар қауымы өте жоғары деңгейде белсенділік танытып , өз ойларымен бөлісіп, талқылаулар жасады. Коучинг жоғары деңгейде өтті.

Дата: 19.04.2022, 8:27 Автор: №24 мектеп-интернаты