«Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда»

«Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда»

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп – интернаты» КММ – сінде 4 сәуір күні «Отбасы сағаты» өтті. Іс – шара барысында « «Құқықтық білім – баршаға» тақырыбында Балқаш қалалық прокуратурасының прокуроры Сәкен Жанайдар мырза ақпарат беріп, ата – аналардың сұрақтарына жауап берді. «Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында қаладағы судан құтқару аймағының құтқарушы медбикесі Абжанова Бағдат Сатбековна сөз алып, жағымсыз салдардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін айтып, алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп өтті. Әсіресе қазіргі көктемгі уақыттағы Балқаш көліндегі балалар қауіпсіздігін  ата – аналар тарапынан қадағалау керектігін айтып кетті.

Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын – алу жұмыстары туралы тәрбие ісінің меңгеруші Г.М.Кулымжанова ақпарат беріп, статистикаға тоқсталып өтті.

Дата: 19.04.2022, 9:12 Автор: №24 мектеп-интернаты