Размер шрифта:

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!»

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөлімі «№ 24 мектеп-интернаты» КММ 

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!» іс-шарасының ақпараты

 

28 наурыз күні мектепішілік жоспар бойынша «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру,өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Іс-шара барысында мектеп медбикесі Бажбенова А.К. оқушыларға зиянды әдеттер туралы түсінік беріп,оның денсаулыққа қандай зияны барын айтып  өтті. Оқушылар зиянды әдеттер туралы өз пікірімен бөлісіп,денсаулық туралы мақал -мәтел айтты. Әлеуметтік педагог әртүрлі ситуациялық жағдайларды келтіре отырып,оқушылардан мұндай  жағдайда қандай әрекет жасайтындарын сұрады.

Дата: 30.03.2022, 10:49 Автор: №24 мектеп-интернаты