"Тұсау кесер" рәсімі
Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернаты» КММ – сінде даярлық тобының тәрбиеленушілері "Тұсау кесер" рәсімін көрсетті. Тұсау кесер рәсімі - сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие
@ҚОББтәрбие
#көктемгіканикул
Дата: 25.03.2022, 8:49 Автор: №24 мектеп-интернаты