«Ең әдемі киім – ұлттық киім»
Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернаты» КММ – інде «Ең әдемі киім – ұлттық киім» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында ұлттық киімдер шеруі өтті. Халықтың эстетикалық талғамының көрсеткіші, мәнерлі де ерекше бөлігі ол әрине – ұлттық киімдер. Қазақ халқының төл киімдерін ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сан ғасырлардан бері сақтап келе жатыр. 22 наурыз мейрамы осындай ұлттық нақыштағы киімдерімізді сандықтан шығарып, жұртқа паш ететін тамаша мүмкіндік.
#ҚОББтәрбие
Дата: 25.03.2022, 8:06 Автор: №24 мектеп-интернаты