«Дені саудың- жаны сау»

«Дені саудың- жаны сау»

21-26 ақпан аралығанда Балқаш қаласы білім бөлімінң «24 мектеп - интернаты» КММ -де «Дені саудың- жаны сау» атты денешынықтыру апталығының ашылуы өтті.Мақсаты оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардан, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену. Спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Осы мақсатта 7-9 сыныптар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында«Жаттығуға тұрайық » таңғы жаттығуы ұйымдастырылды.«Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!» Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрау. Осы апталық аясында әр түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Біздің таңдауымыз – салауатты өмір салтын сақтау.

Дата: 23.02.2022, 10:03 Автор: №24 мектеп-интернаты