19.02 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы мұғалімдердің және жас мамандармен сабақтастықты нығайту барысында отырыс өтті.
19.02 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы мұғалімдердің және жас мамандармен сабақтастықты нығайту барысында отырыс өтті.
Мақсаты: Сабақта оқушылардың білімдерін нығайту мақсатында тиімді интерактивті платформаларды қолдану, ҚМЖ жаңа үлгідегі ерекшеліктері. Осы мақсатта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Маулетова Индира Омаржановна өз іс-тәжірибесімен бөлісті, 472 бұйрыққа сәйкес ҚМЖ дұрыс құрылу мақсатында бағыт – бағдар берді. Балалардың ойлау қабілеттерін, ізденіс жұмыстарын дамытуға және де оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта әр түрлі әдістермен бөлісті. Сонымен қатар, ағылшын тілі мұғалімі, педагог- тренер Абеуова Ильсияра Даримбековна қазіргі таңда түрлі заманауи платформалармен жүзеге асырылатын көптеген жобалар арқылы ХХІ ғасыр балаларының білімге қызығушылығын арттыруға болатынына тоқталып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. https://www.englishwsheets.com/, https://lingust.ru/english , https://lingust.ru/english , https://www.liveworksheets.com/ платформаларында ағылшын тілін балалар тез арада және қызықты түрде үйренуге қалай болатындығы туралы көрсетіп, ақпаратпен бөлісті.
Дата: 21.02.2022, 14:17 Автор: №24 мектеп-интернаты