"True poet - Mukagali!"

14.02 күні 5-7 сыныптарда «Ақиық ақын – Мұқағали!» атты танымдық сағат өтті.

Мақсаты:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін оқып шығуды ұмытпаңыздар.Мені өз өлеңімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқушыларды тәнті етті.

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, мәңгілік көштің сырлы әуенін, жадымызда жаңғырған жыр жолдарынбүгінгі күні оқушылар жалғастыруда.

Дата: 14.02.2022, 16:51 Автор: №24 мектеп-интернаты