«Құқықтық сауаттылық» апталығы

«Құқықтық сауаттылық» апталығы

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ  07-12 ақпан арасында «Құқықтық сауаттылық» апталығы өз жұмысын жоспарлы түрде бастап кетті. Бүгін мектебімізде жоғары сынып оқушыларына тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б апталықтың ашылу салтанатын ұйымдастырды.

Құқықтық сауаттылық апталығының мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, өз міндеттерімен құқықтарын білу болып табылады. Сапқа тұру іс-шарасы құқық дегеніміз не, құқықтың ерекшеліктері мен нормаларымен таныстырумен басталды. Сонымен қатар жасөспірімдердің қылмыс жасаудағы ең қателіктерінің себебі өз құқықтарының білмейтіндігі де тілге тиек етілді.Сонымен қатар ҚР Конституциясынан баланың қандай құқығы бар екені еске түсіріліп және қайталанып айтылды.

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылу қажет. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырамыз. Осы орайда қылмыстың қоғамның зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

 

Дата: 9.02.2022, 10:30 Автор: №24 мектеп-интернаты