"Руханилықтың мөлдір бұлағы"
"Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" Өзін- өзі тану" пәнінің онкүндігінің аясында "Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты суреттер байқауы өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани -адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және алами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Сурет байқауына балалардың достық, қайырымдылық, отбасы , табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды. Байқау барысында оқушылар белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Дата: 7.02.2022, 10:17 Автор: №24 мектеп-интернаты