«Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі»

«Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-сінде “Цифрлық әлем” ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы бойынша 5-9 сыныптар аралығында «Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: ғаламтор желісінде балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін ата-ана тарапынан қандай бақылаулар болуы керектігін түсіндіру;

Ғаламтор желісін қолданудың ережелерімен таныстыру; Баланы бүкіләлемдік өрнекті пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды қадағалау керектігі жөнінде мағлұматтар беру;

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыра білу жөнінде кеңестер ұсыну;

9-12 жас аралығындағы бала ғаламтордан қандай ақпарат алуға болатынын біледі. Олардың ән тыңдап, әлдене оқуға ниеттенуі де қалыпты жағдай. Ғаламтордағы ата-ана бақылауы (Родительский контроль) арқылы керексіз материалдарды бұғаттап тастауға болатыны туралы ақпарат берілді.

@uo_krg 

@umckrg 

@balqash_qalasy_bilim_bolimi 

#цифрлықәлемапталығы

Дата: 4.02.2022, 11:27 Автор: №24 мектеп-интернаты