«Интернет және біз»
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды сан мың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?
Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында «24 мектеп-интернаты» 3А сыныбында 31.01.2022 күні «Интернет және біз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мұғалім бастауыш сынып оқушыларын: Ғаламтор деген не? Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы мәліметтерімен таныстырды. Оқушыларға, компьютерде уақыт кестесімен отыру қажет екенін айтып, денсаулыққа қандай зияның тигізетінін көрнекіліктер, бейнефильм, презентация түрінде түсіндірді. Осы тәрбие сағатынан соң сынып оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттеміз.
#цифрлықәлемапталығы
Дата: 4.02.2022, 10:59 Автор: №24 мектеп-интернаты