«Бестік диктант»
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы аясында 18.01.2022 күні 1-4 «Б» сыныптарында жоспарлы «Бестік диктант» жазу жұмысы өтті. Диктант Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі, «Ұстаздан шәкірт озар!» тақырыбы бойынша жазылды. Оқушыларға алдымен диктанттың шарты түсіндірілді, одан кейін әңгімені екі бөлікке бөліп, әр бөліктің мазмұнын «Бестік диктанттың» шарты бойынша оқушылар өздері жазды. Оқушылар диктантты қызығушылықпен орындады. «Бестік диктант» – оқушылар танымын белсенді етудің, қызығушылығын арттырудың, әсіресе әдеби тілін дамытудың, сауаттылыққа баулудың ең тиімді әдісі. Бестік диктанттың ұтымды жағы: «Бестік» диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; Бестік диктанттың тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жаңа мақсатта тиімді қолданады.
Дата: 21.01.2022, 11:19 Автор: №24 мектеп-интернаты