"Біздің отбасындағы жаңа жылдық дәстүрлеріміз"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ-інде "Біздің отбасындағы жаңа жылдық дәстүрлеріміз" тақырыбында оқушылар видеоролик дайындады. Жаңа жыл адамзат үшін отбасылық мереке. Бұл адамдардың бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып, үйлерін безендіріп, шырша шамын жағып, тәтті тағамдармен бағалы сыйлықтарға ие болып, мәре-сәре болатын таңғажайып кезең. Біздің де оқушыларымыз өздерінің отбасындағы мерекелік атмосфераны отбасылық суреттер арқылы көрсете білді
Дата: 11.01.2022, 14:21 Автор: №24 мектеп-интернаты