"Жаңа жыл - отбасылық мереке"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ-інде "Жаңа жыл - отбасылық мереке" тақырыбында фотоколлаж фестивалі ұйымдастырылды. Жаңа жыл – 31 желтоқсан күні әлем халықтары асыға күтетін мереке. Аталған мереке әр елде әртүрлі тойланғанымен мақсат бір, мүдде бір. Өйткені жаңа жыл – отбасылық мереке. Отбасы толық жиналып бір шаңырақ астында мерекені қуанышпен қарсы алу, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тойлайтын бұл мерекенің ерекшелігі сол, адамға жылулық сыйлай білуінде. Тұмарлы тілектер, жылы лебіздер осы күні шын жүректен төгіледі.
Дата: 11.01.2022, 13:43 Автор: №24 мектеп-интернаты