Размер шрифта:

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

29.11.2021 күні «Балқаш қаласының №24 мектеп - интернаты» КММ -сі жанындағы «Айбөбек» шағын орталық тәрбиеленушілерімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатында Елбасына деген ел құрметін айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып түсіндірілді. Мақсаты: Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, бүлдіршіндердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.Президенттік қызмет елдің, халықтың, үміті мен сенімін бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет екендігін түсіндіру.

Тәрбие сағатында балаларға Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы қысқаша бейнебаян көрсетіліп, әңімелеу, сұрақ – жауап түсіндіру түрінде шағын мағұлмат беріліп,Отан туралы мақал – мәтелдер мен тақпақтар  айтылып , мемлекеттік ән ұранымыз шырқалып, мерекелік көңіл – күй сыйланды

Дата: 30.11.2021, 15:05 Автор: №24 мектеп-интернаты