«Біздің мектептің асханасы»
24 қараша күні бракераж комиссиясының бекітілген кестесі бойынша және «Біздің мектептің асханасы» акциясы аясында бракераж комиссиясының құрамы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі,өзін-өзі басқару ұйымы бірлесіп,асхана жұмысын тексерді.
Мақсаты:
1. Тамақтанумен қамту;
2. Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
3. Еңбек гигиенасы;
4. Дайын өнімнің сапасы;
5. Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
6. Калькуляциялық және бракераждық журналдың болуын тексеру;
7.Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
8.Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
9. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардың болуын тексеру;
Тексеріс барысында кемшіліктер анықталған жоқ.
Дата: 29.11.2021, 10:03 Автор: №24 мектеп-интернаты